1 сәуір күні «Тұран» университетінде аталмыш жоғару оқу орнының стратегиялық серіктесі – Француз Альянсының өкілі, француз тілінің тасымалдаушысы Estelle Charlet-пен кездесу өтті. Іс-шараға француз тілі оқытушылары, сондай-ақ «Аударма ісі» білім беру бағдарламасы бойынша француз тілін екінші шет тілі ретінде меңгеріп жүрген «Медиа және мәдениетаралық коммуникация» жоғары мектебінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында Estelle Charlet студенттерді Францияның мәдениеті, дәстүрлері және күнделікті өмір ерекшеліктерімен таныстырып, сондай-ақ Қазақстан туралы өз әсерлерімен бөлісті. Тіл тасымалдаушымен тікелей қарым-қатынас студенттердің үлкен қызығушылығын тудырып, олар үшін мәдениетаралық коммуникацияның құнды тәжірибесіне айналды. Әсіресе бейресми әрі достық атмосферада студенттер тек шынайы француз тілін естіп қана қоймай, француз халқының өмірі, мәдениеті мен менталитеті туралы көптеген қызықты әрі танымдық ақпарат алды.
Мұндай кездесулер тілдік құзыреттілікті дамытуда, мәдениетаралық диалогты нығайтуда және халықаралық академиялық ортаны қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ студенттерді шет тілдерін тереңдетіп оқуға ынталандырады.
Университет «Туран» Француз Альянсына мазмұнды кездесуді ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін, сондай-ақ кездесу ұйымдастырушысы Абдикарим Асем Мұқанқызына шынайы алғыс білдіреді.