2026 жылдың 17 сәуірінде «Тұран» университетінде Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

17.04.2026 «Тұран» университетінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен бірлесіп, психология ғылымдарының докторы, профессор Ардақ Ризабекқызы Ерментаеваны еске алуға арналған:

 

 «Қазақстандағы және әлемдегі Психология: тәжірибе, үрдістер мен перспективалар» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференция Қазақстаннан, сондай-ақ жақын және алыс шет елдерден келген ғылыми қоғамдастық өкілдерін, оқытушыларды, зерттеушілер мен психология саласындағы практик мамандарды біріктірді. Қатысушылар тәжірибе алмасты, заманауи зерттеулердің нәтижелерін ұсынды және жаһандық контексте психологияны дамытудың негізгі бағыттарын талқылады.

 

Конференция барысында психологиялық ғылым мен практиканы дамытудың өзекті мәселелері, оның ішінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы, педагогикалық өзара іс-қимыл, нейропсихологиялық тәсілдер және халықаралық ынтымақтастық қарастырылды.

 

📌 Конференция жазбасы сілтеме арқылы қол жетімді:

https://www.youtube.com/live/87Jlxa39tG0

📌 Қатысушылардың электрондық сертификаттары:

https://drive.google.com/drive/folders/1ZZTN3TbCABXQO0IHHDBCUIHTc_7OI0Y7

📌 Конференция материалдарының электрондық жинағы:

https://drive.google.com/drive/folders/1yd5bwo8W_62CzYvj3QHYisZf2TGIEIzF

 

«Тұран» университеті Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне конференцияны бірлесіп ұйымдастырғаны және жемісті ынтымақтастығы үшін шын жүректен алғысын білдіреді.