«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«ТҰРАН» УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Орталық Азиядағы адам құқықтары: өңірлік сын-қатерлер және ынтымақтастық тетіктері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Өзбекстан Республикасы Әлемдік экономика және дипломатия университеті және «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебі ұйымдастырды. Дөңгелек үстел барысында Орталық Азия елдеріндегі адам құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері, өңірлік сын-қатерлер, сондай-ақ мемлекетаралық және академиялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланды. Ерекше назар тәжірибе алмасуға, ғылыми өзара іс-қимылды нығайтуға және өзекті құқықтық мәселелерді шешудің бірлескен тәсілдерін әзірлеуге аударылды.