«Туризм» студенттері «Travelport» компаниясынан базалық оқудан өтті

17 мамырда «Тұран» университетінде «Туризм» білім беру бағдарламасының (қазақ/орыс бөлімі) 3-курс студенттерін марапаттау рәсімі өтті. 7 студент Travelport компаниясынан «Galileo Basic Course» жүйесінде «туризм мен сервистегі брондау және резервтеудің электрондық жүйелері» пәні аясында базалық оқытудан сәтті өтті, оқытушы Мусаев Мухамедали Ахметжанович. Алынған сертификат қызметкердің GDS-брондау саласындағы біліктілігін растайды.

 

Практикадан өту және оқу кезеңі: 11.04-26.04 2022 жыл.

 

Марапатталған студенттер:

  1. Санатқызы Гүлсана
  2. Жадыра Ернар
  3. Тюлютаева Венера
  4. Қайырханова Жәния
  5. Алханбайқызы Аяулы
  6. Ерназар Маржан
  7. Бикбулатова Меруерт

Сертификаттарды «Travelport» компаниясының басқарушысы мырза Mr Rizwan Siddik табыс етті.