«Тұран» университетіндегі «Eurasian Foundation» халықаралық жобасы аясындағы факультативтік сабақ

2026 жылғы 20 сәуірде «Тұран» университетінде Жапонияның «Eurasian Foundation» халықаралық жобасы аясында гуманитарлық-құқықтық факультеттің 1 курс бакалавр студенттері үшін «Еуразиялық қауымдастық: көшбасшылық және инновациялар» тақырыбында факультативтік сабақ өтті. Дәріскер ретінде Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Алаева Гүлназ Турсыновна «Кәсіпкерліктегі зияткерлік меншік құқығының өзекті мәселелері» тақырыбында дәріс оқыды. Сабақ барысында Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтегі зияткерлік меншікті құқықтық қорғау мен оны қамтамасыз етудің негізгі аспектілері, сондай-ақ осы саланың қазіргі даму үрдістері қарастырылды. Практикалық қолдану мәселелеріне және өзекті кейстерді талдауға ерекше назар аударылды. Факультатив интерактивті форматта өтті: білім алушылар талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойып, зияткерлік құқық пен кәсіпкерлік саласында кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға қажетті маңызды білім алды.