Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің KAZPATENT департаменті филиалында «Қазақстан Республикасындағы тауар белгілерін, өнеркәсіптік үлгілерді және географиялық нұсқамаларды құқықтық қорғау» тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға шақыру бойынша «Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінің профессоры, заң ғылымдарының кандидаты Алаева Гүлназ Турсыновна және «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Қалмырза Г.М. қатысты. Семинар барысында зияткерлік меншік объектілерін құқықтық қорғаудың өзекті мәселелері, сондай-ақ оларды кәсіби ортада қорғаудың проблемалары мен практикалық аспектілері қарастырылды. Қатысушылар Қазақстан Республикасындағы зияткерлік меншік институтының дамуындағы қазіргі үрдістерді талқылады. Іс-шара аясында «Тұран» университеті мен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің KAZPATENT филиалы арасындағы өзара ынтымақтастық пен әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері де қозғалды.