«Тұран» университетінің құқық жоғары мектебіндегі қонақ дәрісі

«Тұран» университетінің Құқық жоғары мектебінде «Халықаралық коммерциялық арбитраждың заманауи үрдістері» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Спикер ретінде Baker McKenzie компаниясының серіктесі Александр Викторович Коробейников қатысып, өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, халықаралық арбитраждың дамуындағы негізгі үрдістерді атап өтті.

Лекция аясында коммерциялық дауларды шешудің өзекті мәселелері, арбитраждық рәсімдердің ерекшеліктері, сондай-ақ халықаралық құқықтың қазіргі сын-қатерлері мен даму перспективалары қарастырылды. Арбитраждық қызметтің практикалық аспектілеріне және нақты кейстерді талдауға ерекше назар аударылды. Кездесудің модераторлары заң ғылымдарының кандидаты, Құқық жоғары мектебінің доценті Меерманова Жұлдыз Базарбекқызы және PhD докторы, Құқық жоғары мектебінің директоры Джумабаева Қарлығаш Асильхановна болды. Лекция интерактивті форматта өтті: студенттер талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойып, тәжірибелі маманнан құнды білім алды. Осындай іс-шараларды өткізу білім алушылардың кәсіби құзыреттерін дамытуға, практикалық білімдерін